Главная » Статьи » Мои статьи

Тағдырға наз

Келетінді көгімнен күнді көргім..

Кеш қарайса қайтейін көндігермін.

Кіналамай көз сал да тағдыр менің..

Келбетімнен бір үзік сырды көргін..

КӨз жанарын кіреуке көлегейлеп

Кірпігімнен үзілген мұңды көргін.


Құлай сүйген.. сезімнің уын ішкем..

Уын ішкем, уыздай күйінішпен..

Уылжыған арманның тәтті дәмін..

Ұрттағым кеп ұмтылғам сүйінішпен.

Тағдыр сенің ұр да жық мінезің-ай..

Құлатпақшы болдың ғой түйіп іштен..


Солай,солай..

Серт бергем сынағыңа..

Сенім қалды тосырқап шуағыңа..

Селт етпейтін сең жүрек сейілсін деп..

Сыбырлама таныс үн құлағыма..

Секем алған сабырсыз көңілімді..

Сергелдеңге салғаның ұнады ма?


Қырау тұнған сезімнің терезесін..

Қаға алмаспын қоздырып делебесін.

Қаракөзді ару деп қалтқысыз жан..

Қапияда ай күнге теңемесін..

Қанға сіңген қасиет қорғанымдай..

Қайткенмен де бұза алман ережесін..


Неге мұңды жаның деп мазалама.

Қателігім бар бәлкім, жазалама..

Ақын болсам алғаусыз арманым не?

Ақ жарылған көңілімді азалама..

Ақиқатты жоғалтқам алып-ұшып..

Тауып бере алмассың тез арада..

Категория: Мои статьи | Добавил: Толкын (07.12.2010)
Просмотров: 519 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ев мне рипнуть не удалось: по скольку такое не сделать на uCoz, но я поставил форму как на DLE. -->
Добавить комментарий