Главная » Статьи » Мои статьи

Құлазу
Құлағалы тұрғанда құздан арым...

Хақым жоқ...

Неге сонша қызғанамын...

Қапастағы көңілдің қайран құсы .

Қалаушы едім қамалды бұзбағанын...


Қалған көңіл-шыққан жан,

бекер бүгін…

Құлай сүю - қасиет екен, күнім

Қалай ғана жеткізем,сүймегенге...

Сүйдіре алмау-қасірет екендігін…


Құштарлыққа –

құрбан боп бал қылығым...

Қапы қалған сезімнің жалқылығын...

Күңірентіп есіме салып кетті...

Жартасқа кеп соғылған жарты мұңым...


Қайда кетті..

сол күнгі батырлығым..

Қамкөңілді жұбатқан жақындығың..

Қар секілді еріген күн жүзінде...

Қасымда тек қалар-ау ақындығым..


Көмейімде булығып жатыр мұңым...

Қалауың сол болса енді,

ақылдымын...

Құдай өзі жаратқан болмысыммен...

Қалсын есте, тәнті еткен батырлығым...


Категория: Мои статьи | Добавил: Толкын (07.12.2010)
Просмотров: 621 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
ев мне рипнуть не удалось: по скольку такое не сделать на uCoz, но я поставил форму как на DLE. -->
Добавить комментарий