Главная » Статьи » Мои статьи

Бір өзіңе...
Жұбана алмай..

Жүргенде жүрек сағына

Жылу боп ендің,

жарыққа зәру жаныма..

Жабырқау бақтың жайқалттың дағы желегін

Жоғалдың, жаным, тағы да..


Жалт еткен жалғыз

жанардың қалып елесі..

Қуаныш құшар шақтарды күттім келесі

Өзіңсіз өткен өмірден қалғам жабығып

Бұл сөзің жалған демеші...


Жаратқаныммен

Тарту етілген жұмбағым..

Жолығар қайтып табылар ма екен күн тағы..

Жалғыздығыммен жарысып өткен жылдардың.

Жыр болып атты бір таңы..


Жаутаңдап қана..

Үміттің қарашығынан

Жас болып аққан жазықсыз сырды ұғынам..

Жаныңда болу жазылмас маңдайымменен.

Жазмышқа ғана жығылам..

Жазмышқа ғана жығылам..

Категория: Мои статьи | Добавил: Толкын (07.12.2010)
Просмотров: 386 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ев мне рипнуть не удалось: по скольку такое не сделать на uCoz, но я поставил форму как на DLE. -->
Добавить комментарий