Главная » Статьи » Мои статьи

Бір өзіңе..
Сүйдім де сені…

жанымды мұңға орадым...

Тағдырдың сезбей тасқыны,қарлы боранын...

Сүйдім де сені, сертімнен сендік танбадым...

Тұрағым еттім, тоғыз бір жолдың торабын...


Сағындым сені…

сағыныш сезім селдетті.

Жүрегім кезді жаңылмай іздеп жер көкті...

Сағынып сені, сарғайған сансыз кештерде..

Сен болып маған сағыныш өзі сел төкті..


Сездің бе соны…

сағым боп ұшқан ақ құсым...?

Тамсантып өскен таңқурай сынды тәттісің...

Жадымда мәңгі жылулық төккен жанарың..

Қайранмын,қалай қара тас сынды қаттысың...


Сүйемін әлі..

сүюден бір сәт танбағам...

Көңіл ме құрғыр, құмардан шығып қанбаған..

Сүйемін әлі, сол үшін жаным жазықты..

Жазықсыз бірақ, жүрекпен қалай жан бағам...

Жалт етіп қарағаным…

Қарағаным, таусылып бар амалым…

Жылдарымдай жырақтап кеткеніңмен..

Қайталанды есімің санада мың…


Сағыныштан сарғайған санада мұң…

Қай түкпірін көңілдің паналадың?

Елесің де жоғалды ерке күндей…

Енді өзіңді беймәлім таба аларым...


Жан-жүрегім жалықты…

Жалынсызбын..

Жалынсызбын,жүректен бәрін сыздым…

Сенсіз өткен сезімсіз сәттерімдей…

Сенесің бе, өзіңсіз дарынсызбын..


Бақ құсындай басыма қона алмаған...

Базарлы шақ секілді мені алдаған..

Базыналы күндердің өтеуі боп...

Сағыныш боп қайтадан..

Орал маған...


Сағыныш боп...

қайтадан орал маған

Категория: Мои статьи | Добавил: Толкын (07.12.2010)
Просмотров: 530 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ев мне рипнуть не удалось: по скольку такое не сделать на uCoz, но я поставил форму как на DLE. -->
Добавить комментарий