Главная » 2010 » Декабрь » 7 » Өмір саған ғашықпын, өкпелеме...
12:53
Өмір саған ғашықпын, өкпелеме...

 Добро пожаловать B мир поэзии ТолкынКабылшаевы  

Өмір саған..

ес- түссіз ғашық екем..

Дидарыңды құшуға асық екем..

Сағынсам да, сан мәрте сарғайсам да..

Толқының боп мәңгілік тасып өтем...

.

Іңір тусын..

мейлі сен құбыл әлем..

Іңкар екем ізгілік нұрына мен..

Ілесіп ап ақ таңның самалына

Шағала боп қауышам шұғыламен


Жарқ еткенде-

жанымның күн шуағы..

Қауызынан гүл атып, жыр шығады..

Мен жарықты сүйемін жан-тәніммен..

Қапас туса, көңілім тұншығады...


Таңсәріде

Таң шығы секілденіп..

Қырда өскен шалғынның шетін көріп..

Тамшы болып төгілем , табиғаттың-

Тұңғышындай тұлымым кекілденіп..


Ғұмыр саған..

осылай құштар екем...

Қауырсынын сезімнің ұштап өтем..

Жауқазынын жанымның жұлмақ болған..

Кей адамның көңілі ұшқары екен..


Егілгенім...

болмасын есерге мұң...

Төксем дағы жанымның нөсерлерін..

Өмір саған іңкарлық тыншымаса

Сол жерлерге талай гүл өсер керім..


Бақыттымын..

Жақсылық жиғаныма...

Жарық сәуле жаныма құйғаныма...

Жаратқанға мың тәубе, сүйе білер

Жұдырықтай жүректі қиғанына



Ғұмыр саған...

Осылай ғашық екем..

Өзіңмен бір болуға асық екем..

Теңіз болсаң тербеліп толқыныңдай

Сағыныш боп-

мәңгілік тасып өтем..

Просмотров: 846 | Добавил: Толкын | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ев мне рипнуть не удалось: по скольку такое не сделать на uCoz, но я поставил форму как на DLE. -->
Добавить комментарий