Главная » Статьи » Мои статьи

Туған жер жайлы...

Туған жер сенің-төсіңнен тұнық нәр алған...

Жауқазыныңмын жаныңнан жыр боп жаралған...

Самал боп ескен желіңе тосып жүзімді...

Мен үшін жұпар кәусарларыңа қана алман...


Тым қымбат маған- тіл қатқан тылсым әр тасың..

Ойлы өзенге өрлікпен төнген жартасың...

Бүр жарып сенен даламда өскен әрбір гүл..

Тау менен төбе сүйенген бұлтқа арқасын...


Сұлулық сезем сезіммен жанды тербеген...

Сәттерім туса шынайылыққа шөлдеген...

Бойымен Сырдың сылдырап аққан өзеннің

Әуенін тыңдап,дертімнен барлық емделем...


Іңкәрлік саған өріліп терең сезіммен...

Басымды ием,қауышқан шақта өзіңмен...

Сағыныш тербеп қараймын әркез жүзіңе

Анасын сүйген перзенттің ынтық көзімен...


Категория: Мои статьи | Добавил: Толкын (07.12.2010)
Просмотров: 618 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ев мне рипнуть не удалось: по скольку такое не сделать на uCoz, но я поставил форму как на DLE. -->
Добавить комментарий