Главная » Статьи » Мои статьи

Толғаныс

Жөңкіліп бұлттай көшкен мың..

Жаныммен жалғыз кешкем мұң

Жап-жарық жұлдыз ғаламнан

Жарқ етіп жерге түскен күн

Ойлы боп туып анамнан...

Ойсыздың күйін кешкенмін..

Ібіліс қуған ілкіден..

Іреңі ұқсас түлкімен...

Ішінде айла амалы...

Үмітсіз жаннан үркігем..

Суытып сергек сананы

Көз жасын үнсіз іркігем..

Қасірет құшып зіл батпан..

Қоңырқай жүзін күн қаққан

Қауқарсыз қара шал сынды.

Қасиетсізге тіл қатқан

Халін көр қайран жұртымның

Қамкөңіл болған құндақтан


Қаныммен қорғап қамал мың..

Қайғыға қанша қамалдым..

Қасиетім мен қаупім тұр

Қарашығында жанардың

Қадірі қойдай халқым жүр..

Қасқырға іздеп амал мың..


Бұлдыр да бұлдыр күн кешкен

Баласы бұлтпен тілдескен...

Бақырға қиып байлығын

Бақытқа қолдан құн кескен

Ғайыптай ұшқыр заман бұл

Ғаламторменен үндескен...


Түлкі боп қашқан заман-мұң

Тазы боп қуған адам –мың..

Тірлігі үшін түн қатқан

Тағдырға сансыз алаңмын...

Теңіздей жаным тасынып
Толасссыз ойға қамалдым



Киесі ұшып даламның

Қуаты кеміп қаламның
Қара сөз болды қадірсіз
Каражат қуып алаңмын..
Аңқасы кеуіп жыр жатыр
Аманатындай анамның

Міз бақпай мінсіз қоғам тұр..

Тауқыметіммен алаңмын..

Қалайша амал табармын?

Қалайша амал табармын...

Категория: Мои статьи | Добавил: Толкын (07.12.2010)
Просмотров: 296 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий