Главная » Статьи » Мои статьи

Тек сені сағынармын...
Жыраққа қашсаң дағы…

Жаныма жақын жаның…

Мен сүрген жыр әлемнен..

Қол созып жақындағын…


Сан жылдар өтсе дағы...

Сөндірмей сағынышты...

Селт етпес сол елеске...

Сезімім алып -ұшты....


Ақ ұлпа арманымды

Алқынып өбкен де өзің……

Ах ұрған шақтарымда

Асығып жеткен де өзің…


Сен менің селт етпейтін…

Серігім-сезімімсің…

Тағдырым түн қатқанда…

Таусылмас төзімімсің…


Жанарым жалт еткенде......

Бір мұң бар, танып алғын..

Сарғайтып кетсең дағы..

Тек сені сағынармын..

Тек сені сағынармын...

                ххххххххххххх

Күн болып шуақ шашқан..

Жанымда шуағың бар..

Сағымдай бір әлемде...

Қол жетпес тұрағың бар..


Ай асты, аспаным мұң...

Толқыған теңіздеймін..

Ақшаңқан асқарымның..

Ақ таңы сені іздеймін


Қайдасың, сағым құсым...

Қол созсам, жетермін бе?

Үмітпен лағыл құшып..

Аңсаумен өтермін бе?


Сансыз бұлт арасынан..

Тамшы боп төгіл дағы....

Жаңбырдай көз жасымның..

Қадірін сезін жаным..


Деміңнен діріл қағып..

Жанымның жапырағы...

Жылынсын шуағыңа..

Жүректің атырабы...

               ххххххххххххххххххххххххххххххххх

Сен келер деп...

Үмітімді үзбеумен...

Ай астында

тек өзіңді іздеумен...

Сағыныштың сарқып ішіп бал дәмін

Сарғаяды сенсіз менің күз кеудем..


Арманымдай...

Қол создырып алысқа..

Ғанибетім ғайып болған ғарышқа...

Аспан астын шарлап келем,шарқ ұрып...

Елеңдеп әр дауысқа...


Жұлдыз біткен...

Жұмбақ күйде жымыңдап...

Көз тігеді жанарымнан сыр ұрлап...

Жүрек үнсіз мұңаяды, жан сырын

Тал қайыңға тағатсыздау сыбырлап...


Естірмісің...

Ессіз менің жырымды

Болмасам да...

балауса қыз бұрымды

Жыр ғұмырды саған ғана арнаймын...

Айып көрме,мұнымды...


Ынтызар ғып..

Күн секілді көздерің...

Ұмыттырды уайымын өзгенің...

Сенсіз өмір мүмкін емес, сол үшін...

Сағыныштың азабына төзгенмін...


Жұмбағым-ау..

Жанымды өртеп,сырымды ал.

Ессіз деме,

ет-жүректе мұңым бар..

Жалын болып жана алмаған сәтімнің..

Жапырақтай жазықсыз бір жырын ал..



Категория: Мои статьи | Добавил: Толкын (07.12.2010)
Просмотров: 359 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий