Главная » Статьи » Мои статьи

Пендеге

Тәрк еткен соң..

тілектің тамашасын

Тағдыр ғой деп несіне таласасың..

Тау бөктерін есімің жаңғыртса да

Тәңір исе басыңды аласасың..


Аласасың..

Несіне таласаcың..

Ах ұр мейлі табылмас арашашың..

Ар мұраты болмас Темірқазық..

Ай астында жүріп-ақ, адасасың..


Адасасың..

Тағы да тау асасың..

Алла еткен әмірмен санасасың..

Абақтыдай ғұмырдан баз кешкенде..

Аласұрып, бақсыдай бал ашасың..


Тағдырыңмен

тағы да таласасың..

Таңсәрінің тосасың тамашасын

танымаған тәңірге тілек қосып..

Тамұқ түннің сипайсың қара шашын..


Пенде солай..

Үмітін үзбек емес..

Пайымынан парасат іздеп елес..

Патша көңіл сән құрған сарайыңда..

Парықсыздық болса егер жүздеп егес..


Адам болып келген соң

Аласарма

Аласаға асқақ шың жараса ма

Алла берген ғұмырды адал сүргін

Аманатты ұмытпа таң асарда..

Категория: Мои статьи | Добавил: Толкын (07.12.2010)
Просмотров: 387 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ев мне рипнуть не удалось: по скольку такое не сделать на uCoz, но я поставил форму как на DLE. -->
Добавить комментарий