Главная » Статьи » Мои статьи

Ғұмыр-ай,шіркін!
Ғұмыр-ай, шіркін!
Өтесің үміт себелеп...
Қашасың кейде арманды алға жетелеп...

Қуаныш құшқан көңілді қамсыз сәттерде..

Жарқ етесің-ау, жаныма мұңды шегелеп...


Уақыт та жүйрік-
Жете алман, бәлкім, үлгермен...
Арпалысуда ақ таңым- қара түндермен...
Өтер-ау бәрі... мәңгілік өлмес жыр ғана...

Өлеңім барда жүрегім- жалын ,нұр- кеудем...


Өтеді бәрі ..
Келмеске көктем кетеді...

Қайыра алмастан қуантқан күнді кешегі...

Қартыңның өзі ғұмырды сүрген ең ұзақ...

Өмірді бейне «көрген түс сынды» деседі...


Өтуде жылдар....

Жымыңдап бүгін жастығым...

Барады ұзап, балауса шағым, жас күнім...

Жалт етіп кейде жоғалып жатыр өмірден..

Алқынған жастар..

Баса алмай арман аптығын...


Жаралған тірлік

Жаратқанымның ол заңы..

Жұмбағың болар,өкініш жанды торлады..

Беймәлім білем, өмірдің ұзақ, келтесі..

Өлмейтін болып, өлеңім қалса болғаны..

Категория: Мои статьи | Добавил: Толкын (07.12.2010)
Просмотров: 438 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий