Главная » Статьи » Мои статьи

«Ұлтымның таны ұрпағын»

Қазақ дейтін қасиетті қаныммен

Қанша сырға қанықтым

Ғасырлардың қойнауына үңіліп..

Ғаламатын жаңа ұқтым..

«Еңкейге еңкей»дейтін ұлтыммен

Дараланған халықпын

Ел шетіне жау тигенде барласаң..

Алпамсадай алыппын..

Еңбек дейтін тәңір сүйген ісіммен

Жаратқанға жағыппын

Шүкірлік қып шаңырақтың шаттығын

Шырағымды жағыппын..

Қыпша белді қынағанда үзілмес

Қыл арқанды тағыппын..

Иманы мен ибасынан айырсаң

Еңіреген ғаріппін..

Ұлтым дейтін ұландарым тұрғанда

Мәңгі сөнбес жарықпын..


Категория: Мои статьи | Добавил: Толкын (07.12.2010)
Просмотров: 324 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ев мне рипнуть не удалось: по скольку такое не сделать на uCoz, но я поставил форму как на DLE. -->
Добавить комментарий