Главная » Статьи » Мои статьи

Өкініш
Жауыз мінезі...

жаныма батып жалғанның..

Жан-жүрегімді қолыма алып, қармандым..

Жалт еткен жарық ол дағы менен безініп..

Жай-күйімнен де арландым..

Жан пида болған..

үмітім шағып бар мұңын..

Жазықсыз жүрек жырлайды күйін жарлының ..

Жазасы қатты жазмышқа жіпсіз байланған..

Жат жұрттық қайран тағдырым...


Жалған дүние-ай..

жалған намыс пен жалған бақ..

Жаралы көңіл, жалғанға қалай алданбақ..

Жылтырағанды жарық деп ұққан жастық-ай..

Жаза бастың ба армандап...


Жылуы мәңгі..

тоналған жалқы сезімнің..

Жоқтауын айтып бода да бода көз ілдім..

Жасытып мені жыраққа қашқан жылдар-ай.

Жоғалғаныңды сезіндім..


Жадырап тапқан..

бақытым сорға айналып..

Жайраған көңіл, қайтесің енді жай налып..

Жахұттан қымбат,жалыннан ыстық сәттерді

Жолықтырмассың ай барып..


«Жазмыштан озмыш жоқ»деген бабам текті ғой..

Қайтесің көңіл жай налып..

Келмейді бақыт..

келмейді уақыт айналып...









Категория: Мои статьи | Добавил: Толкын (07.12.2010)
Просмотров: 366 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий